Биыл «Алтынкөл» станциясының жүк өткізу мүмкіндігі артады

  • 8
  • 21.01.2026, 21:44

Биыл шекара шебіндегі «Алтынкөл» станциясының тауар өткізу мүмкіндігі артады. Оған Президенттің V Құрылтайда айтқан «Алтынкөл – Жетіген» бағытындағы теміржолдың жаңғыртылуы ықпал етпек. Сонымен қатар аталған аралықта 5 разъезд және 8 станцияның ішіне қосымша жол салу жоспарланып отыр.

Қазақстан мен Қытай арасында жүк қабылдап жөнелтетін стратегиялық нысанда былтыр 6 экспорттық парк салынған болатын. Соның нәтижесінде бір тәулікте 20-дан 30 жұп пойыз қабылдайтын деңгейге жетті. Мекеменің әлеуетін артыруға бағытталған құрылыс жұмыстары биыл да жалғасады.

Данияр Нұрқасымов, Алтынкөл станциясының басшысы:

- Ағымдағы жылы сұрыптау дөңесі салынып жатыр. Ол жерде сегіз жол салынып жатыр. Қосымша кең табанды және кең табанды жолдар салынады. Соның арқасында станцияның жүріс мүмкіндігі тәулігіне 33 пар пойызға дейін өседі.