Былтыр шойын жол арқылы 318 млн тонна жүк тасымалданды. Биыл бұл көрсеткішті 327 млн тоннаға жеткізу жоспарланып отыр. Ол үшін жаңа бағыттар салынып, тозған жол қайта жаңғыртылады. Былтыр елде 1,5 мың шақырым шойын жол жөнделді. Биыл тағы 1,6 мың шақырымы жаңартылады.
Президент «Түркістан» газетіне берген сұхбатында бас-аяғы бес жылдың бедерінде 11 мың шақырым жол жөнделетінін айтты. Сондай-ақ 5 мың шақырым болатын жаңа бағыттар ашылып, заманауи вагондар сатып алынады. Мемлекет басшысы Үкіметтің алдына тиімді цифрлық экожүйе қалыптастыру міндеті қойылғанын жеткізді.
Талғат Маханов, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК баспасөз хатшысы:
- Жол салып жатқан кәсіпорындардың жұмысын қадағалауды жасанды интеллектінің көмегімен бақылауды күшейтіп отырмыз. «RoadIQ» жүйесі жол жабындысының жай-күйіне байланысты жағдайы нашарлап кеткен жолдарды анықтау арқылы сол жолдарға диагностикалық талдау жасалып, оған қандай шешімдер қабылдау керек екеніне кеңес береді.