Ұлттық құрылтайда Президент Қызылорда-Жезқазған автожолының Қызылордаға қарасты бөлігі аяқталғанын, ал жыл соңына дейін Ұлытау облысындағы бөлігінде көлік қозғалысы толық ашылатынын айтты. Сонымен бірге көптен бері тозып тұрған Қарағанды-Жезқазған бағытында биыл ескі жолдың қапталына екі жолақты жаңа жол салынады. Жергілікті жұрт бұл бастамалар Ұлытау облысының экономикасына дем береді. Қатынас жеңілдесе, логистика, сауда, туризм мен жұмыс орындары жанданады деп үміттенеді. Ұлттық Құрылтайда қабылданған тағы қандай шешімдер жұрт көңілінен шықты?