Салық реформасы: Байланыс орталығына 135 мың өтініш түскен

  • 10
  • 23.01.2026, 21:35

Премьер-министр Олжас Бектенов «Электронды қаржы орталығының» қызметімен танысты. Орталық мамандары халық пен бизнеске салық реформасы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Тек осы жылдың өзінде 100 мыңға жуық қоңырауға және 35 мың хабарламаға жауап беріпті. Күн сайын операторлар орта есеппен 13-14 мың өтініш қабылдайды.

Қаржы министрлігінің дерекінше, 2025 жылы елде 480 мың жаңа заңды тұлға тіркелген. Ал жалпы алғанда қазір Қазақстанда 2 млн-нан астам кәсіпкер бар.

Айгүл Жекешева, бірыңғай байланыс орталығының директоры:

- Ең көп қойылатын сұрақ ол шоттарға тыйым салу, арнайы салық режимін қолдану жөнінде. Оданда басқа әлеуметтік төлемдер жайында сұрақтар түсіп жатыр. Бірыңғай байланыс орталығына 1414 номері арқылы хабарласып, көмек алуға болады.