Энергетика мен жол инфрақұрылымын жаңғыртуға басымдық беріледі

  • 9
  • 23.01.2026, 21:49

Әлеуметтік-экономикалық дамуды қамту үшін энергетика саласын жаңғырту – маңызды міндет. Елдегі 37 жылу электр орталығының ішінде жөндеуді қажетсініп тұрған нысандар әлі де бар. Тек Қызылорда өңірінде ғана жаңа нысан жұмыс істеп тұр. Әрі орталық толықтай инвестор қаражатымен салынған.

Бұл туралы Ұлттық құрылтайда айтылды. Енді көп кешікпей, көлік жолдарын жаңғыртуға да басымдық беріледі.

Мақсат Толықбай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Ары қарай енді электр станцияларын Екібастұз болсын, Өскеменде болсын, Абайда, Көкшетауда салуымыз керек. Бұл үлкен стратегиялық жобалар. Ақтөбе мен Ырғыздың арасы, Жезқазған-Қызылорданың арасындағы жолдар әлі тозып тұр. Бұған да пәрмен берді. «Жұмыстар осы жылдың соңында ақша бөліп, басаталады», - деп отыр.