Елде азаматтардың жеке деректерін қорғау күшейтілмек

  • 9
  • 23.01.2026, 21:44

Қазір хакерлік шабуылдар мен мәліметтердің таралуына қарсы жаңа цифрлық шаралар дайындап жатыр. Бұл өзгерістер Цифрлық кодекске енгізіледі. Енді мәлімет сақтайтын ұйымдар үшін міндетті биометриялық тексеру енгізілуі мүмкін. Бұл деректер қорнына кімнің және қандай мақсатпен кіргенін нақты анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар азаматтар өз деректеріне жасалған барлық сұраныстарды арнайы сервистер арқылы көре алады. Бұдан бөлек, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға көңіл бөлінеді.

Дмитрий Мун, ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі :

- eGov Mobile қосымшасында NomadGuard атты арнайы платформа бар. Ол азаматтарға цифрлық және киберқауіпсіздік бойынша білім алуға мүмкіндік береді. Яғни жеке мәліметтерді қай жерде сақтау қауіпсіз, қай кезде оны жарияламаған дұрыс екенін, сондай-ақ деректердің таралу қаупі туған жағдайда не істеу керектігін үйретеді.