Президент Құрылтайда саяси жүйені одан әрі реформалауды, институционалдық негізді, терең жаңғыртуды және заң шығарушы билік тармағын жүйелі түрде қайта форматтау қажет екенін айтты. Елдің жоғары заң шығарушы органын трансформациялаудың маңызы мен мазмұны жарты жылдан бері ел арасында қызу талқыланды. Жаңа саяси тұрпаты қалыптасатын өзгерістер туралы жұрт пікірі қандай?
- Конституциялық реформа жайында естідік. Енді бұл өзгерістерді енгізуге де арнайы топ құрылатынын Президент айтып өтті. Оған тек саясаткерлер ғана емес, филологтар, басқа да елдің алдында жүрген азаматтардың да атсалысатыны, міндетті түрде сарапқа салынатыны айтылды. Бұл жолғы қабылданған заңда ешқандай кемшіліктер болмайды деп сенеміз.
- «Жастарға да сенім артамыз», - деп жатыр Президент. Өзіміз де жастар тарапынан осы реформаның жүзеге асуына өз көмегімізді тигізуіміз қажет. Белсенділік танытуымыз қажет. Бей-жай қарауға болмайды бұл мәселеге. Осы реформаны ары қарай алып кету, жалғастыру біздің қолымызда деп есептеймін.