Елдің алдағы даму бағдары айқындалған Ұлттық құрылтайда маңызды саяси өзгерістер болатыны айтылды. Алқалы басқосудағы ұсыныстарға қатысты жұрттың пікірін білу үшін тілшілеріміз арнайы сауалнама жүргізді. Ел тұрғындары Мемлекет басшысының құрылтайда айтқан ұсыныстарын қолдап отыр.
- Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біздің қалада кітапхана, театр салынады», - деді. Сол үшін біз өте қуаныштымыз.
- Мен қала тұрғыны ретінде құрылтайдың өткеніне өте қуаныштымын. Сырттан қанша қонақтар келді. Көп деген келелі мәселелер қозғалды. Енді осы мәселелердің барлығы іске асса, тұрғын ретінде, азаматы ретінде осы елдің мен өте қуанышты болар едім.
- Бұл біздің қаламыз үшін керемет бастама болды. Бұл құрылтайдың арқасында беделді, белгілі азаматтар қаламызға қонақ болып келді. Бұл жастарға өте жақсы мотивация болды.