Сарапшы: Құрылтай – тарихи сананы жаңғырту

  • 8
  • 27.01.2026, 21:46

Сыр өңірінде өткен 5-ші Ұлттық құрылтайда Қазақстанның алдағы жүзжылдық болашағын айқындайтын бастамалар көтерілді. «Алқалы жиында қабылданған саяси реформалар түркі әлеміндегі демократиялық жаңғырудың маңызды қадамы», - дейді түрік сарапшылары.

Анкара университетінің профессоры, тарихшы Абдуллах Гүндодуның айтуынша, құрылтай Түркияның негізін қалаушы Ататүріктің Измир Экономикалық конгресіне ұқсас. Сондай-ақ сарапшы: «Әлемдегі өзгерістер аясында Қазақстанның таңдаған саяси бағыты тек елдің емес, тұтас түркі дүниесінің болашағына әсер ететін маңызды шешім», - деді. 

Абдуллах Гүндоду, түркі тарихы ғылымдарының докторы, профессор:

 - Әлем жаңа кезеңге қадам басты. Бұл тұрғыда Қазақстанның таңдаған саяси бағыты түркі әлемі үшін айрықша мәнге ие. Парламентті «Құрылтай» деп атау – түркі демократиясының тарихи дәстүрін жаңғыртатын маңызды қадам. Бұл дәстүр ғұндар дәуірінен бастап Қазақ хандығына дейін жалғасқан. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы сол тарихи сабақтастықты жаңғыртып, парламенттік бақылау мен халықтың басқаруға қатысуын күшейтуге бағытталған. Қабылданған шешімдер түркі әлемінің болашағына ықпал етеді.