Елімізде туризмге құйылған инвестиция көлемі 32 пайыз өсіп, 1 трлн 200 млн теңгеден асты. Бұл туралы Үкімет отырысында Туризм және спорт министрі мәлімдеді.
Ербол Мырзабосыновтың сөзінше, былтыр туристік орындардағы демалушылар саны 12 пайыз артып, 10 млн адамға жеткен. Ал Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық индексінде Қазақстан 66-шы сатыдан 52-ші орынға көтерілген. Ендігі мақсат – туризм бойынша үздік 50 елдің қатарына кіру. Демек инвестициялық ахуалды әлі де дамыту қажет. Бұл мақсатта қазір 300-ден аса инвестициялық жоба қолға алынған.
Ербол Мырзабосынов, ҚР Туризм және спорт министрі:
- Министрліктің тізімінде жүзеге асырылу жоспарланған 328 инвестициялық жоба қамтылған. Негізгі жобалардың қатарында Oi-Qaragai тау-шаңғы курорты, жол бойындағы сервистік обьектілер желісі бар. Жобаларды іске асыру туризм саласында шамамен 10 мың тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.