Бұл туралы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді. Олар Катонқарағай, Зайсан және Кендерлі курорттық аймақтарында. Арқалық әуежайын қалпына келтіру жұмыстары да осы жылы аяқталады деп жоспарланған.
Ведмоства басшысы Теміржол тасымалын дамыту мәселесіне де тоқталды. Парк 2026 жылы 191 жаңа вагонмен толығады. Сол арқылы жазғы кезеңде 13 қосымша маршрут іске қосылмақ. Шамамен 400 мың жолаушының қатынауы анағұрлым жеңілдейді. Автожолдар бойынша негізгі көрікті жерлерге апаратын 5 мың шақырым жол жөнделуде.
Нұрлан Сауранбаев, ҚР Көлік министрі:
- Танымал бағыттарға ерекше көңіл бөлінуде. Мәселен, Алакөл көліне Астанадан, Алматыдан және шығыс өңірлерден 8 қосымша пойыз қосу көзделген. Сонымен қатар біз жол бойындағы сервисті дамытып жатырмыз: 2026 жылы 50 жаңа нысан салу жоспарлануда. Бұл шараларды жүзеге асыру жол жүру уақытын қысқартады және туристер үшін жайлылықты арттырады.