Қазгидромет су тасқыны қаупі төніп тұрған бес өңірді атады

  • 351
  • 03.02.2026, 21:41

Алдағы көктемде Қазақстанның бірнеше аймағында су тасқыны қаупі жоғары болуы мүмкін. «Қазгидромет» өз болжамын жариялады. Жоғары тәуекелді өңірлер тізімінде Ақмола, Қарағанды, Абай, Солтүстік пен Шығыс Қазақстан облыстары бар. Орташа тәуекелді аймақтар Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Ұлытау, Павлодар, Түркістан, Алматы және Жетісу өңірі. Қалған төрт өңір төмен тәуекелді аймақтар қатырында. Олар Атырау, Маңғыстау, Қызылорда және Жамбыл облыстары.

Айта кетейік, бұл ұзақ мерзімді болжам. Синоптиктердің айтуынша, су тасқынының ең жоғары кезеңі наурыздың соңы мен сәуір айының басына сәйкес келеді. Мамандар мұндай бағалауды жауын-шашын мөлшерін, топырақтың тоңдану тереңдігін талдай отырып жасапты. Ал Төтенше жағдайлар министрлігі жергілікті билікпен бірлесіп, көктемгі су тасқынының алдын алуға арналған шараларды атқаруда. Атап айтсақ, елді мекен ішінен қарды шығару, өзен-көлдерің арнасын бекіту және инертті материалдар қоры жасақталуда.