«Ауыл» партиясы жаңа Конституция жобасын қолдайды

  • 620
  • 03.02.2026, 21:41

«Ауыл» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Күн тәртібінде жаңа Конституция жобасы талқылады. Жиында ұсынылып отырған өзгерістердің мазмұны, олардың ауылдық аймақтардың дамуына, аграрлық секторға ықпалы жан-жақты сараланады. Депутаттар, саяси кеңес мүшелері, өңірлік филиал жетекшілері мен партияның белсенді өкілдері ой-пікірлерін ортаға салды. Талқылаудан соң партия мүшелері Конституцияның жаңа жобасын қолдау жөнінде үндеу қабылдады. 

Серік Егізбаев, ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Ауыл» партиясы фракциясының жетекшісі:

- Жаңадан бастап жатқан қадамдарымыз – ол адами капитал, білім мен жаңа ғылым, жаңа инновациялар, жаңа әлемдегі болып жатқан үрдістен біздер игері қалып қоюға болмайды. Одан да біздер конституция деңгейіне көтеріп жатырмыз. Негізгі бағыттарымыз осы.