Сарапшылар: Жаңа Ата Заң – саяси тұрақтылықты нығайтатын құжат

  • 289
  • 03.02.2026, 21:35

Геосаяси жағдай күрделенген кезеңде жаңа Конституция Қазақстанның саяси тұрақтылығын нығайтады. Президенттік орталыққа жиналған сарапшылар осындай пікірде.Олардың сөзінше, жаңа Ата Заң жобасы – тек заң нормаларының жиынтығы емес, Қазақстанның даму бағдарын айқындайтын басты құжат. Сондықтан басты құқықтық құжат биліктің жаңа архитектурасын қалыстырып қана қоймай, қоғамды одан әрі демократияландыруға жағдай жасайды.

Ерлан Саиров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Бүгінгі таңда Қазақстанның ішінде тұрақтылықты сақтайтын, сонымен бірге осы біздің мемлекетімізді бүгінгі таңда өте күрделі жағдайда, мемлекеттік тұрғыда ұйыстыратын құжат керек. Жаңа Конституция осы өте күрделі жағдайдағы, тұрақсыз замандағы тұрақты Қазақстанды қалыптастыратын негізгі құжат болып табылады.