Дүниежүзілік сайлау күні: Алматыда жас сайлаушылармен кездесу өтті

  • 324
  • 03.02.2026, 21:42

Ақпанның алғашқы бейсенбісі - Дүниежүзілік сайлау күні. Осыған орай Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Алматыдағы жас сайлаушылармен кездесті. Қатысушылар кадрлық резерв, кандидаттарға қойылатын талаптарды сұрап білді. Шетелдегі сайлау жүйесі туралы да айтылды.

Қазір елімізде жас сайлаушылардың 248 клубы жұмыс істеп тұр. Осындай іс-шаралар жастардың құқықтық және электоралдық мәдениетін арттыруға септігін тигізеді.