ЕҰУ-де жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары талқыланды

  • 302
  • 03.02.2026, 21:38

Ата Заңның жаңа жобасы жарияланғалы бері сарапшылар мен қоғам өкілдері арасында қызу талқыланып жатыр. Еуразия ұлттық университетінде өткен жиында да Конституцияның жаңа жобасы жан-жақты қаралып, негізгі бағыттары сөз болды.

Сарапшылардың айтуынша, Конституцияны жаңарту –  уақыт талабы. Құжатта қазіргі саяси-қоғамдық жағдай мен заманауи сын-қатерлер ескеріледі. Елдің даму бағыты мен құндылықтары да негізге алынады.

Дихан Қамзабекұлы, Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның мүшесі, «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры:

- Арада қаншама 30 жылдай уақыт өтті. Толдық, өстік, жан-жағымызға қарадық. Енді біз Конституцияның аңдатпасынан, преамбуласы дейміз ғой, соңғы нүктесіне дейін бүгінгі Тәуелсіздік пен егемендіктің қадірін білетіндей, заманымыздағы түрлі қауіп-қатерлерді, тәуекелдердің мән-мағынасына байланысты жаңа нұсқа ұсынылды.