Азат Перуашев: Халық кеңесі – халық үнін билікке жеткізетін алаң

  • 247
  • 04.02.2026, 21:39

Жаңа Конституция жобасы «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасына сай келеді. Әрі Қазақстанның саяси моделін түбегейлі өзгертуге жол ашады.

«Ақ жол» партиясының депутаттары осындай пікірде. Олардың сөзінше, құжаттың жаңа нұсқасы билік пен қоғам арасындағы сенімді нығайтады. Себебі Халық Кеңесі секілді институттардың енуі – халық үнінің ескеріліп, мемлекеттік шешімдерге ықпал етуіне мүмкіндік береді. Депутаттардың айтуынша, бұл қадам биліктің ашықтығын арттырып, қоғамның пікірін ескеруге негіз болады.

Азат Перуашев, Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшесі, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы:

- Халық кеңесі арқылы азаматтық қоғамдағы белсенділер, азаматтық қозғалыстың көсемдері осы кеңеске кіріп, өз пікірін, өз идеясын Үкіметке болсын, Парламентке болсын, тіпті осы кеңеске ұсыну құзыреті де беріліп жатыр ғой, жеткізе алады. Және осындай бастамаларға ие бола алады.