Қазақстан Конституциясының жаңа жобасы Варшава қаласында халықаралық деңгейде таныстырылды. Жиын Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюросында өтті. Оған Еуропаның 33 елінен, сондай-ақ АҚШ пен Канададан келген өкілдер қатысты.
Кездесу барысында Қазақстандағы Конституциялық реформа мен алдағы референдум мәселелері сөз болды. Ұйым өкілдері жалпыұлттық референдумға байқау миссиясын жіберу мүмкіндігін қарастырып отыр.