Алматыда обырды жеңгендер сән үлгісін көрсетті

  • 202
  • 05.02.2026, 21:48

Алматыда қатерлі ісікті жеңіп шыққан қыз-келіншектер сән үлгісін көрсетті. Сәнді киімдер танымал дизайнердікі. Егер дерттің белгілері ерте анықталса тез емделеді. Оны онкологиядан айыққандар дәлелдеп отыр. Олар емдік шараның тиімді болуымен қоса өмірге деген құштарлық ремиссия деңгейіне тез жеткізетінін айтады. Олардың бірі - 37 жастағы алматылық Наталья Федорова. Ол жүкті кезінде сүт безі қатерлі ісігіне шалдыққан. Босанбай жатып, операция жасалған. Кейін сәбиін аман-есен дүниеге әкеліп, емін жалғастырады. Айта кетейік, жыл сайын елімізде 40 мың адамға қатерлі ісік диагнозы қойылады. Дәрігерлер әр адам медициналық тексерістен уақытында өтіп тұруы керегін ескертеді. 

Наталья Фёдорова, қала тұрғыны:

-16 химия, 17 таргеттік терапия алдым. Аурумен күресті жеңіл деп айта алмаймын, Маған дәрігерлермен қоса отбасым, туған-туыстарым барынша қолдау білдірді. Бас кезінде баламды аман-есен өмірге әкелсем деген мақсат болды. Босанған соң күш жігерім еселене түсті. Қазір ұлым Артем бесте. Білесіз бе грек тілінен аударғанда ол мінсіз денсаулық дегенді білдіреді. Өмірдің сыйы көп. Маған Артем денсаулық сыйлады.