Қаратауда бәйшешек гүлдеді

  • 179
  • 05.02.2026, 19:51

Еліміздің бірқатар өңірінде қыс қытымыр мінез танытып жатқанда, оңтүстікте қар ерте еріп, күннің жылынуымен бірге бәйшешек гүлдеді. Қазір Қаратау ұлттық қорығының аумағында көктемнің жаршысы саналатын бәйшешек гүлін көптеп кездестіруге болады. Табиғаттың бұл әсем көрінісін қорық қызметкерлері Біресек сайында таспаға түсіріп үлгерген. Мамандардың айтуынша, қар ерісімен бүр жарған гүлдер табиғаттың ерте оянғанын білдіреді. Сонымен қатар қорық аумағында Грейг қызғалдағы да жылдағыдан ерте бүр жарған. Мамандар бұл құбылысты қыстың жылы болуымен байланыстырады.