Жаңа Конституция мемлекет пен бизнес арасындағы сенімді күшейтеді

  • 267
  • 06.02.2026, 21:40

Жаңа Конституция жобасы мемлекет пен бизнес арасындағы сенім мен ұзақ мерзімді серіктестік орта қалыптастырады. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөнінде кеңес отырысында айтты.

Жиынға энергетика, тау-кен және металлургия өнеркәсібі, аграрлық сала өкілдері мен сарапшылар қатысты. Жиналғандар салық саласындағы ережелерді талқылап, шағын және микробизнес үшін өтпелі кезең енгізілгендігін сөз етті. Сондай-ақ жаңа Конституциясының жобасы  бойынша пікір алмасты. Үкімет басшысы: «Құжат мазмұнын,  реформа міндеттерін әр ұжымға дұрыс жеткізу маңызды», - деп атап өтті.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:

- Біз сіздермен еліміз үшін өте маңызды, тарихи маңызы бар сәтте кездесіп отырмыз. Жарты жыл бойы қоғамда Конституциялық реформаны белсенді талқылау жүріп жатыр. Ашық дискуссиялар болып жатыр. Азаматтардан мыңдаған ұсыныс келіп түсуде және олардың барлығы терең зерделеніп, ескеріліп жатыр. Бұл еліміздегі демократиялық процестердің айқын дәлелі.