Қазақстан Халық партиясы Конституция жобасы бойынша пікір алмасты

  • 268
  • 06.02.2026, 21:46

«Жаңа Конституция: Қазақстанның бүгіні мен болашағының жаңа келбеті». 

Қазақстан Халық партиясы осындай тақырыппен кеңейтілген отырыс өткізді. Жиынға саяси ұйымның өкілдеріне қоса заңгерлер мен сарапшылар, Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның өкілдері де қатысты. Кездесуде құжаттың мазмұнында қамтылған бірпалаталы Құрылтай құру, «Халық Кеңесі» институтын енгізу, білім мен адам капиталын дамыту  бастамаларының қоғам өміріне әсері сөз болды.

Ислам Сұңқар, ҚРПарламенті Мәжілісіндегі Қазақстан Халық Партиясы фракциясының мүшесі:

- Ерекше қабылдаған нәрселер – ол Конституцияның, мемлекеттің адамға бағдарланғаны. Бұл жерде біз білім, ғылым, инновация, мәдениет сияқты нәрселерді жоғары қойып, ғылымға мүмкін көбірек қаражат бөлетін шығармыз. Біз адамның қолынан жасалған тауарларды, ІТ шешімдерді экспорттауымыз мүмкін.