Конституциялық реформа: Қазақстанның Азаматтық Альянсы ұсыныс әзірледі

  • 295
  • 06.02.2026, 21:50

Қазақстанның Азаматтық Альянсы Конституциялық реформа кезінде қоғамның пікірі ескерілетіндей ұсыныс әзірледі. Ұлттық пікірталас клубының бүгінгі отырысына елдің 20 өңіріндегі Азаматтық Альянс көшбасшылары, Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, Қоғамдық кеңестердің төрағалары мен мүшелері, сондай-ақ саясаттанушылар мен сарапшылар қатысты. Олар Конституциялық өзгерістердегі дайындаудағы азаматтық қоғам институтының рөлін, сондай-ақ көпшілік пен құзырлы мекемелер арасындағы байланысты арттыруға арналған ой-пікірлерді ортаға салды.

Ойталқы барысында халықты заң жобалары мен реформаларды талқылауға тарту жолдары қарастырылып, қоғам мен мемлекеттік орган арасындағы диалогты нығайту үшін ұсыныстар әзірленді.

Серік Ақылбай, «Қазақстандық заңгерлер одағы» РҚБ төрағасы:

- Конституциялық терминология мәселесі де назар аударуға лайық. Қолданыстағы Конституция өзге тарихи кезеңде қабылданып, бірқатар ескірген ұғымдарды қамтиды. Жаңа негізгі заң жобасы қазіргі заман талаптарын ескере отырып, сонымен бірге мемлекетіміздің дамуы мен қалыптасуының негізі болған 1995 жылғы негізігі Конституцияның тарихи рөліне деген құрмет пен сабақтастықты сақтайды.