Конституциялық реформа: қаламгерлер ой қосты

  • 231
  • 06.02.2026, 21:39

Жаңа Конституция жобасы қазақ елінің тәуелсіздігін қорғауға бағытталған.

Бұл туралы Алматыда Мәжіліс депутаттарымен кездескен жазушылар айтты. Қаламгерлердің пікірінше, 95 бап, 320 тармақтың мүддесі ортақ болуы тиіс. Зиялы қауым өкілдері мен Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшелері құжаттың негізгі бағыттарына тоқталды. Қоғам мен шығармашылық қауымдастыққа қатысты нормалар талқыланды. Сонымен қатар азаматтық институттардың рөлі жөнінде ұсыныс-пікірлер айтылды.

Жанарбек Әшімжан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Айтылып жатқан ұсыныстардың бәрі орынды, қоғамдық талқылаулар ашық жүріп жатыр. Сондықтан мен алдағы уақытта бір ортақ шешімге келеміз ғой деп ойлаймын. Негізінен зиялы қауымның өтініш, талап-тілегі тәуелсіздікті табанды түрде қорғауға бағытталуы керек.