Кәсіподақ өкілдері ұсыныстарын жеткізді

  • 270
  • 06.02.2026, 21:43

Кәсіподақтар федерациясы да жаңа Конституция жобасын талқылады. Кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері мен белсенділері қатысқан жиында осы қауымдастықтың төрағасы әрі Конституциялық комиссияның мүшесі Сатыбалды Даулеталин құжатта «еңбек бостандығы» сөзі, «еңбек құқығы» болып өзгертілгенін айтты. Яғни бұрын еңбек етушінің таңдау еркіндігі болса, енді сол таңдаудың қорғалып, әділ жүзеге асуы заңды бекітілмек. Жаңа жобада еңбек адамының құқығы мен әлеуметтік қорғалуына да басымдық берілген. Енді федерация өкілдері «лайықты» еңбекке құқығы бар деген норма енгізуді ұсынып отыр.

Сатыбалды Даулеталин, ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы, Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшесі:

- Лайықты еңбек деген сөз, ең бірінші лайықты еңбекақы, лайықты еңбкақы дегеніміз қазіргі алатын жалақымыз тек қана өзімізді ғана қамтамасыз ету ғана емес, жалпы отбасымыздың мүшелерін қамтамасыз етуге, лайықты өмір сүруге, абыройын алға бастыратын тірлік деп ойлаймын. Екінші, лайықты еңбек қауіпсіздігі. Таңертең жұмысқа кеткен адам кешке аман-есен үйіне қайтуы керек. Біздің ұстанымыз осы. Бұл да бір лайықты еңбек қағидаттарының бірі.