Транзиттік жүк тасымалы артты

  • 342
  • 09.02.2026, 21:33

Былтыр елдегі транзиттік жүк тасымалының көлемі артып, 37 млн тоннаға жуықтады. Көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 6,6 пайызға артық. «Бұл «Шығыс – Батыс», «Солтүстік – Оңтүстік» халықаралық көлік дәліздерін және Транскаспий көлік бағытын дамытудың жемісі», – дейді Үкімет мүшелері. Сондай-ақ былтыр ел бойынша 13 мың шақырым автожол жөнделген. Бұл рекордтық көрсеткіш. Нәтижесінде қазір республикалық жолдардың 94% техникалық нормативтік жағдайға сай келеді. Бұдан бөлек шекарадағы өткізу пункттерін модернизациялау жұмысы да жалғасып жатыр. 2027 жылдың аяғына дейін 37 өткізу пунктіндегі жұмыс аяқталады. Ал жол төсемдерін сақтау үшін 220 бірлікке дейін автоматтандырылған өлшеу стансаларын орнату жалғасуда. Қазіргі таңда оның 71-і іске қосылған.