Биыл Жезқазғанда тағы екі ықшам аудан табиғи газға қосылады. Жобаға республикалық және жергілікті қазынадан 1,4 млрд теңге бөлінді. Құрылыс-монтаж жұмыстары сәуір айында басталады. Шамамен 35 шақырым орамішілік құбыр тартылады. Жалпы өңірді газдандыру бағдарламасы бес жыл бұрын басталған. 2030 жылға дейін 9 елдімекенді көгілдір отынға қосу жоспары бар. Осыған дейін Талап, Кеңгір, Қабанбай ауылдары мен Жезқазғанға қарасты бірнеше шағынауданға газ тартылды. Қазір аталған ауылдарда тұратын 2 мыңға жуық абонент көгілдір отынның игілігін көріп отыр.
Әділ Темоханов, қалалық ТҮКШ бөлімінің маманы:
-Ағымдағы жылы 4-ші кезек бойынша монтаж жұмыстары басталады. Ол яғни Батыс тұрғын үй аумағы және 91-94 ықшамауданында орналасқан 11 көше қамтылады. Атап айтқанда 1100-ге жуық абонент 4400-ге жуық адам газбен қамтамасыз етіледі.