Бұдан былай Ақмола облысына инвестиция салуға ниетті бизнес өкілдеріне «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсетіледі. Бұл әкімшілік рәсімдерді оңтайландырып, шешім қабылдау мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, өңірде «AQMOLA» индустриялық аймағы құрылып, жалпы құны 2 трлн теңгеден асатын инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарланған. Ақмола инвест кеңсесінде 6 ірі инвестициялық жобаның таныстырылымы өтті.
Нұркен Мұхаметқалиев, «Aqmola Invest» ЖШС директоры:
- Инвесторлардың осы жерге келіп, тіркеліп, жұмысын бастау бізге өте қолайлы. Себебі осы инвесторлардың жоспары бойынша индустриалдық аймақта 5 мың жұмыс орны ашылатындай жоспар бар. Екіншіден, олардың бүкіл салықтары сол ауданда, облыста қалатын болады.