Қарағандыда жаңа Конституция жобасы талқыланды

  • 307
  • 10.02.2026, 21:38

«Ауыл» партиясы: «Конституцияға енгізілетін өзгерістер еліміздің болашақ бағытын айқындайтын тарихи қадам», - деп бағалады. Партия мүшелері өңірлерді аралап, жаңа Ата заң жобасын түсіндірді. 

Қарағанды қаласында да арнайы кеңейтілген отырыс өтті. Жаңа жоба – қоғамның сұранысына негізделген ұзақ әрі мұқият сараптамалық жұмыстың нәтижесі. Құжатта енгізілген өзгерістер елдің тұтас дамуына, өңірлердің өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.

Жиынға қатысушылардың пікірінше, жаңа нормалар адам құқықтарын қорғауға, ғылым мен білім, мәдениет, экономиканы дамытуға, жергілікті өзін-өзі басқару жұмысын жүйелі жүргізуге негіз болады.