Ертең елімізде тиімді зат сатып алу мерекесі басталады. Kaspi Жұма 12–15 ақпан аралығында өтеді. Көктем қарсаңында қазақстандықтар дәстүрлі түрде жөндеу жұмыстарын жоспарлап, құрылыс жүргізіп, тойлар мен ұзақ мерекелік демалыстарға дайындады. Ал Kaspi.kz cүйікті клиенттеріне көмекке асығады. Kaspi Жұма кезінде қазақстандықтарды ең тиімді бағалар, жоғары бонустар мен жеңілдіктер күтеді. Серіктестерімен бірге Kaspi.kz бірегей ұсыныстар әзірлеуде. Жыл сайын серіктестер қатарында қазақстандық өндірушілер саны артып келеді.
Үйдегі жылу дәл осылай суық металлды өңдеуден басталады. Темір жаймасына радиатордың пішіні беріледі, бөлшектер дәнекерленеді, беріктігі тексеріліп, қорғаныш бояу қабатымен қапталады. Әрбір кезең мамандардың қатаң бақылауынан өтеді. Алдағы Kaspi Жұма қарсаңында «Юнилюкс» компаниясының зауытында сұранысқа ие өнімдерді көбірек жасауда. Қазір түрлі-түсті ұзын радиаторлар трендке айналған.
Тимур Тұрсынов, «Unilux» компаниясының өндіріс жөніндегі директоры:
- Kaspi.kz-дің арқасында біз арнайы жеткізу, сатумен айналысатын қызметкерлер санын ұлғайттық. Қазір тұтынушылардың көпшілігі Kaspi Жұманы мереке ретінде өтеді. Қосымшаны ашып, қажетті тауарды таңдап қойып, жеңілдікпен алу үшін Kaspi Жұманы күтеді.
Ағаш кесіндісінен күмбірлеген күйге дейінгі аралықта ондаған сағаттық ауыр еңбек бар. Қазақстандық «Dombyra Saz» брендінің шеберлері жай ғана аспап емес, ұрпақтан ұрпаққа табысталатын нағыз мұра, ең құрметті қонақтарға тарту етілетін құндылық жасап жатқанын жақсы біледі. Кейбір домбыраның бағасы 500 000 теңгеге дейін жетеді. Осы цехтан шыққан аспаптар Қазақстанның түкпір-түкпіріне жіберіледі, сондай-ақ Германия, Австралия және Түркиядан да тапсырыстар түседі. Қазір шеберлер Kaspi Жұмаға дайындалуда. Қоймада қазірдің өзінде 180 аспап дайын тұр, жұмыс әлі де жалғасып жатыр.
Есмұрат Маханов, «Dombyra Saz» ұлттық аспаптар шеберханасының жетекшісі:
- Kaspi Жұма арқылы сатылым көбейіп жатыр. Ол кәсіпкерлерге де керек нәрсе, халыққа да тиімді. 21-ші жылдан бері серіктеспін. 5 жылға кетіп бара жатыр. Өте ыңғайлы. Таратуы да, клиентпен тез арада мәмілеге келуі де, сатып алуы да жеңіл, жеткізуі де ыңғайлы.
Kaspi Жұма күндері тапсырыстар көбейген кезде көптеген компаниялар жаңа қызметкерлерді жұмысқа шақырады. Мысалы, Kaspi жеткізу серіктестері әдеттегі жұмыс кестесін өзгертіп, қосымша адамдар шақырады, автопаркті ұлғайтады, жаңа бағыттар ашады. Мұның бәрі қазақстандықтар өз сәлемдемелерін уақытында алуы үшін жасалады.
Саян Матаев, «SUN Logistics» директорының орынбасары:
- Алдағы Kaspi Жұмаға штатты көбейттік, автопаркімізді көбейтіп жатырмыз. Kaspi-мен жұмыс істеу бізге өте ыңғайлы. Өйткені Kaspi Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуға, онлайн сатылымды көтеруге және Қазақстандағы кіші және ірі бизнесті дамытуға үлесін қосады.
Жасұлан Жәримбетов, «Posta Point» компаниясының операциялық директоры:
- Алматы бойынша бір күнде 30-40 мың тауар жеткіземіз. Kaspi Жұма кезінде 30-40 пайызға тағы да өседі тапсырыстарымыз. Соңғы Kaspi Жұмада 60-70 мыңға дейін жеткізгенбіз. Kaspi.kz компаниясымен біз бірге дамып, өсіп келе жатырмыз. Сондықтан үлкен алғысымызды білдіреміз.
Kaspi Жұма енді тек тиімді сатып алулар мерекесі ғана емес. Ол қазақстандық бизнестің жаңа деңгейге көтерілуіне көмектеседі. Кәсіпкерлер рекордтық сатылым жасап, жаңа жұмыс орындарын ашады, салық түсімдері өседі. Сонымен қатар электронды коммерция нарығы да дамиды.
Kaspi Жұма 4 күнге созылады. Kaspi-дің сүйікті клиенттері арнайы ұсыныстармен тек тауарларды ғана емес, медицина мен фитнестен бастап туризмге дейінгі қызмет түрлерін де ала алады.
Әнуарбек Мырзатайұлы