Көпбалалы отбасын мазалайтын басты мәселе – баспана. Қазақстанда тұрғын үй жинақ жүйесіне өзгеріс енгізілді. Наурыз айынан бастап жинақ жүйесіне тек «Отбасы банкі» емес, өзге қаржы құрылымдары қатыса алады. Олар азаматтардың салымдарын қабылдап, арнайы шот ашып, тұрғын үй, аралық және алдын ала қарыз беруге құқылы. Алайда мемлекеттік 20 пайыздық сыйақы тек «Отбасы банкінің» салымшыларына төленеді және ол жылына 200 айлық есептік көрсеткіштен аспайды.
Ұлттық банктің мәліметінше, жүйе мақсатты жинақ қағидатына негізделген. Жаңа заң 2026 жылдың 19 наурызынан бастап күшіне енеді.
Олжас Рамазанов, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басқармасының басшысы:
- Біріңғай міндетті талаптар атап айтқанда, жинақтаудың ең төменгі мерзімі мен соммасы немесе депозиттер мен қарыздар бойынша тіркелген мөлшерлемелер белгіленбейді. Осылайша банктер шарттарды өздері айқындайды. Банктердің шарттары бір-бірінен өзгеше болуы мүмкін. Бірақ олар ашық әрі түсінікті түрде жариялануы тиіс.