Көкшетауда жаңа Конституция жобасы талқыланды

  • 206
  • 11.02.2026, 21:34

Жаңа Конституция – болашаққа жасалған стратегиялық қадам.

Көкшетауда өткен республикалық семинарда «Ауыл» партиясының өкілдері енгізілген өзгерістерді осылай деп деп бағалады. Партия төрағасының орынбасары Қуаныш Сейтжанов жобаның мазмұны мен маңызына кеңінен тоқталды. Бұл тек құқықтық нормаларды жаңарту емес, еліміздің дамуына серпін беретін тарихи бастама болмақ.

Сондай-ақ семинарда жергілікті органдардың құзыретін кеңейту, өңірлердің дербестігін арттыру және қоғамдық бақылау тетіктерін күшейту бағыттары талқыланды.

Қуаныш Сейтжанов, «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары:

- Қарапайым халық үшін оң өзгерістер, біріншіден, басқару жүйесінде өзгеріс болады. Басқару жүйесі жалпы Президентіміздің негізгі ұстанған ұстанымдарының бірі. Халық мемлекет үшін емес, мемлекет халық үшін философия, яғни мұндағы басқару жүйесіндегі, билік жүйесіндегі философия түбегейлі өзгергеннен кейін міндетті түрде мұның халықтың тірлігіне, қоғамның өміріне оң ықпалы болатыны анық.