Сенат депутаттары жалпы отырыста Қырғызстанның Ыстықкөл облысының аумағында орналасқан шипажайлар қызметіне қатысты келісімді ратификациялады. Ол жердегі 4 ғимарат Қазақстанның меншігі. 1962 жылы тұрғызылған нысандар қазір әбден тозған. 2029 жылға дейін оларды 3 және 4 жұлдызды қонақүйге айналдыру жоспарланған. Нәтижесінде, шипажайда қазіргідей тек жаз мезгілінде емес, жыл бойы демалуға жағдай жасалады. Сенат қабылдаған құжатта оны іске асыру тетіктері қарастырылған.
Дәурен Темірбеков, ҚР қаржы вице-министрі:
-Ғимараттың біреуі шипажай. Оған республикалық бюджеттен 9 млрд теңге бөлінеді. Ал екі нысанның жөндеу жұмысы инвестор есебінен жүргізіледі. Төртінші объект бойынша қаражаландыру 2027 жылы басталады. Қонақүйлер халықаралық стандарт талабына сай жасаланады. Барлық жұмыс Қырғызстан тарапымен келісілген.