Құрылыс саласындағы цифрлық реформа

  • 123
  • 13.02.2026, 21:30

Елде құрылыс саласын цифрлық реформалау жоспарланған.

Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің алқа отырысында айтылды. Жоспар бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында қызмет көрсетудің бірыңғай цифрлық моделі енгізіледі. Smart Turmys платформасында халыққа арналған электрондық коммуналдық қызметтер іске қосылады. Бұдан бөлек, су, жылу және электр энергиясын бақылайтын ақылды есептегіштер орнатылады. 

Жиында 2025 жылдың негізгі көрсеткіштері де айтылды Мәселен, машина жасау 12,9%, химия өнеркәсібі мен құрылыс материалдары өндірісі 10 пайызға жуық өсім көрсеткен. Резеңке және пластмасса бұйымдары өндірісі 7,6%-ға артқан. Жалпы сомасы 1,5 трлн теңгені құрайтын 190 жоба пайдалануға берілген. Нәтижесінде 22 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылған.