Сарапшылар Конституциядағы жаңа нормаларды талқылады

  • 300
  • 13.02.2026, 21:34

Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты басшылығы Алматыда сарапшылармен кездесіп, Ата заңның ерекшеліктеріне назар аударды. Құжатқа тұрғындардан түскен қандай ұсыныстар енгізілгені айтылды. Нәтижесінде білім, ғылым, инновация, дербес деректерді қорғау секілді нормалар пайда болғанын атап өтті.

Айта кетейік, жаңа Конституция бірпалаталы Парламент құру бастамасынан туған еді. Осыған орай, түрлі саланың өкілдері кірген тиісті комиссия жасақталды. Оның қарауына ел азаматтарынан 10 мыңнан аса ұсыныс түскен.

Алуа Жолдыбалина, ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары:

- Әлі күнге дейін баптарға қатысты халық тарапынан сұрау бар. Бұл жерде былай түсіну керек те. Конституция бұл жалпы мемлекеттің архитектурасын дайындайтын меморандум сияқты құжат. Ертең бүкіл өзгерістер Конституциядан кейін Конституциялық заңға, кодекстердің бәріне өзгерістер енгізіледі 2-3 айдың шамасында. Сол кезде ол нақтылана түседі.