Алматыда «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» республикалық бастамасы аясында қалалық коалиция құрылды. Құрылымға жүктелетін негізгі міндет – алдағы республикалық референдум мәселелері бойынша халық арасында жүйелі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Жалпыұлттық коалиция құрамына мегаполистің қоғамдық-саяси институттарының 200 өкілі мүшелікке қабылданбақ. Олардың қатарында мәслихат депутаттары, саяси партия өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері мен жастар бар.
Дидар Ділдабек, «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы:
- Коалицияның жұмыс жоспары бекітілді. Атқарылатын жұмыстардың барлығы дерлік осы халыққа түсінікті болатын әрбір жұмыс орындарында ашық пікір алмасулар бір толқында секілді жобалар осы референдумды, жаңадан қабылданайын деп жатқан заң жобаларын талқылауға байланысты әртүрлі форматтағы шаралар ұйымдастырылады.