Қарағанды облысында да жаңа Конституция жобасын талқылау және халыққа түсіндіру мақсатында құрылған жалпыұлттық коалицияның аймақтық штабы өз жұмысын бастады.
Бірлестік құрамына саяси партиялардың өкілдері, қоғамдық ұйым мүшелері мен тәуелсіз сарапшылар енген. Коалицияның басты мақсаты – конституциялық өзгерістерді жұртшылыққа кеңінен түсіндіру, ашық кездесулер өткізу және тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін жинау.