Қызылордалықтарға жаңа Конституция жобасы түсіндірілді

  • 275
  • 17.02.2026, 21:51

Қызылордада «Ақ жол» демократиялық партиясы облыстық филиалының өкілдері тұрғындармен кездесті. Жиын «Әділетті әрі Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалиция аясында өтті.

Кездесудің мақсаты – Ата заңға енгізілетін өзгерістерді түсіндіру. Басқосуда жаңа Конституцияда адамдардың мүддесі, құқықтары мен бостандығы бірінші орында тұрғаны сөз болды. Партия мүшелері жаңа жоба саяси жүйені ашық етуге бағытталғанын айтты. Сондай-ақ кәсіпкерлердің құқығын қорғау күшейетінін жеткізді.

Ақмарал Төлегенова, қалалық мәслихат депутаты:

- Тұрғындармен кездесуде осы референдум енді негізі жаңа Конституцияның жобасы ретінде белгіленіп жатыр ғой. Соған орай Конституцияның қай жағы өзгертілді, референдумға не үшін ұсынылып жатыр — сол барлығы тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Бұл референдум жай ғана дауыс беру емес, бұнда Қазақстан Республикасының әрбір азаматының дауысы маңызды.