Бүгін қабылданатын шешімдер ертеңгі тарихтың өзегіне айналады. Бұл туралы жаңа Конституция жобасын талқылаған тарихшылар айтты.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Ұлы дала мемлекеттігінің жаңа белесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Талықылауға жетекші тарихшылар, құқықтанушы ғалымдар қатысты. Мамандар мемлекеттіліктің қалыптасуындағы тарихи алғышарттарды, көне заңдар жинағынан бастап елдің Ата заңына енгізілген өзекті түзетулерге дейінгі үдерістерді сарапқа салды. Сонымен қатар Конституциялық өзгерістерді ұлттық сана мен тарихи мұра тұрғысынан пайымдау мәселелері бойынша пікір алмасты.
Досбол Байқонақов, тарих ғылымдарының докторы, профессор:
- Конституцияның жаңа жобасы бұл еліміз үшін керекті дүние болып табылады. Неге десеңіз, мұнда қазаққа керек, ұлтымызға керек, осы Қазақстанды мекендеп жатқан бүкіл халықтарға керек көптеген құндылықтар аясы шегеленген. Мысалы, адам құқығы, отбасылық құндылықтар, мемлекеттік және тарихи басқару ісі. Табиғи байлықтар, тарихи құндылықтардың барлығы осы жерде көрініс тапқан.