Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл ақпаратты Ұлттық қауіпсіздік комитеті растады. «Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – делінген ресми хабарламада.
Еске сала кетейік, Жақсылық Омар бұған дейін Өскемен қаласының әкімі болған. 2023 жылдың наурыз айынан бері Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары міндетін атқарған. Әкімдік әзірге оның қызметіне қатысты ешқандай шешім қабылдаған жоқ.