«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалиция мүшелерінің өңірлерге сапарлары жалғасуда. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов басқаратын делегация Шымкент тұрғындарымен бірнеше кездесу өткізді. Ғалымдар, еңбек ұжымдары, мәдениет, спорт және коммуналдық сала өкілдері Конституция жобасының негізгі баптарын және оның ел болашағына әсерін талқылады. Мәдени мұра, еңбек қауіпсіздігі, әлеуметтік қорғалушылық және экология мәселелері кеңінен сөз болды.
Атап айтқанда, мұнайшылармен кездесуде заң мен тәртіп, әділдік пен жауапкершілік құндылықтарына басты назарда болса, спортшыларға адал бәсеке мен тәртіп құндылықтары сөз болды. Ғылыми қауымдастықпен кездесу барысында интеллектуалды ұлт құру маңызды екені айтылды.
Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
- Біз енді биік мұратқа бастайтын үлкен жолға қарай тағы да аттанып бара жатырмыз. Алдымызда ауқымды іргелі істер тұр. Оған біз қашан және қалай жетеміз? Біз тек әділет салтанат құрған кезде ғана жетеміз. Заң мен тәртіп үстемдік құрған кезде ғана жетеміз. Жастарымыз білім мен ғылымның, инновация мен технологияның тілін толық игерсе ғана жетеміз. Оған мыңжылдық тарихымыз бен төл мәдениетімізбен жетеміз. Осының барлығы жаңа Конституцияда тайға таңба басқандай көрініс тауып отыр.
Ардақ Монтаев, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Саясаттану кафедрасының меңгерушісі:
- Әлемдегі геосаяси жағдайлардың тұрақсызданып, әлемде ынтымақ пен бірліктің қауіпсіздіктің деңгейі төмендеуде. Әр мемлекет өзінің ішкі саясатын осындай жағдайда нығайтып, институттарын берік ұстауға мәжбүр. Осы жағдайда біздің Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлының ұсынып отырған Конституцияық жаңаруы – ол тек уақыт талабы ғана емес, ол стратегиялық қажеттілік.