«Мен – донормын!» акциясына 500-ден астам ерікті қатысты

  • 395
  • 18.02.2026, 21:41

Ел бойынша 500-ден астам ерікті жалпы республикалық «Мен – донормын!» әлеуметтік акциясына қатысты. «Ауыл» партиясы ұйымдастырған бұл науқан 2022 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Негізгі мақсат – қан донорлығы мәдениетін қалыптастыру және мұқтаж жандарға дер кезінде көмек көрсету.

Еріктілердің басым бөлігі елордадағы Астана қаласының трансфузиология орталығында қан тапсырды. Аталған орталық 23 медициналық ұйымды қан және оның компоненттерімен қамтамасыз етеді.

Дәурен Рахымбек, «Ауыл» партиясы жанындағы «Auyl Jastary» жастар қанатының жетекшісі:

- 500-дей еріктіміз 19 өңірде қандарын тапсырып жатыр. Бұл бастамамызды әрі қарай жастарға осы салауатты өмір салтын насихаттауға және өздерінің денсаулықтарын тексеруге шақырамыз. Бір адам қан тапсырса, ол 3 адамның өмірін сақтап қалуға негіз болады.