Жалпыұлттық коалиция өкілдері «Астана Опера» театрының ұжымымен кездесті

  • 238
  • 18.02.2026, 21:38

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясының елордалық штаб өкілдері «Астана Опера» театрының ұжымымен кездесті. Шарада 100-ге жуық өнер мен мәдениет өкілдері қатысты. Спикерлер көпшілікке жаңа Ата заң жобасының мәнін түсіндірді. Әрі әлеуметтік желілерде тарап жатқан білім мен медицина салаларына қатысты фейк ақпараттарды жоққа шығарды. Мемлекет тарапындағы барлық әлеуметтік кепілдіктер сақталады. Қатысушылар өз кезегінде көкейдегі сауалдарын жолдап, пікір алмасты. 

Асхат Маемиров, театр режиссері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

- Әділетті Қазақстан құру жолындағы осы жалпыұлттық коалицияның құрылуының өзі – сол Ата заң тетіктерін реттеудегі үлкен бір күш және өнер, мәдениет адамы ретінде айтатыным: осы Конституцияда тұңғыш рет біздің еліміздің өнері, мәдениеті, білімі, ғылымы, инновациясы – бұл кәдімгі Конституциялық тетіктермен бекітілген бір үлкен құндылық.