Ерекше қажеттілігі бар азаматтар референдумда кедергісіз дауыс бере алады

  • 440
  • 19.02.2026, 21:40

Ерекше қажеттілігі бар азаматтар биылғы референдумда еркін әрі кедергісіз дауыс бере алады. Биылғы сайлауда алғаш рет Брайль қарпіндегі трафареттер, аудиобюллетеньдер және ақпараттық материалдар сурдоаудармасымен қолданылады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының жанындағы мүгедектегі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының отырысында айтылды. Сайлау учаскелері бірінші қабатта болады. Дауыс беру орындары пандустар, тактильді жолақтар және арнайы бейімделген кабиналармен жабдықталады. Оған қоса электронды үлкейткіш құрылғылар мен индукциялық дыбыс жүйелерінде қолдану жоспарланып отыр.  Бұл құрылғылар пилоттық жобамен Ақтөбе мен Павлодар облыстарында қосылады.

Кенжеғұл Сейтжан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Президенті жанындағы халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі ресми өкілі:

-Орталық комиссия азаматтары менің ойымша өте жақсы әдемі идеяны жасап жатыр. Ол  Конституцияның мәтінін дыбыстап, қазақша - орысша 10 мыңнан аса сайлау учаскілерінде аудио дыбысталған Конституцияның жобасын тыңдауға болады, егер де кез келген азамат мүгедектігі бар азамат, атамыз, әжеміз болсын, басқа да мәтінді оқи алмайтын Брайльші мәтінді оқи алмайтын азаматтарға барып, компьютер арқылы керекті өзіне керекті бапты қосып, қазақша, орысша тыңдай алады. Жаңағы өзінің таңдауын жасай алады.