Елордада Конституциялық реформаларды жүзеге асыруда жастардың рөлі талқыланды

  • 393
  • 20.02.2026, 21:48

Жаңа Конституция жобасында: «Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғи байлыққа ұқыпты қарауға міндетті», - деп жазылған. Аталған норма келекшек ұрпақ алдындағы жауапкершілігімізді айқындайды. 

«Конституциялық өзгерістерге жастардың көзқарасы» атты дөңгелек үстелде жиналған қоғамдық ұйым өкілдері осылай дейді. Олардың пікірінше, экологиялық жауапкершілікті Ата заңда бекіту – тұрақты даму қағидаттарын нығайтудың және ел болашағына саналы көзқарас қалыптастырудың маңызды қадамы.

Нұрасыл Бекматов, «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары республикалық штабының басшысы:

- Экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғи ортаны қорғау, табиғатқа жанашырлықпен қарау терминдері Конституцияға алғаш рет енгізіліп отыр. Ол осы халықтың соңғы жылдардағы денсаулығына, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға белгілі бір көзқарастарының қалыптастырғанын білдіреді. Енді біз осы экологиялық мәдениетті қалыптастыру бойынша ұсыныстарымызды бердік. Себебі «Жасыл ел» ұйымы болып жыл сайын 35 мыңнан астам жұмыспен қамтимыз.