Биыл елде 200 мыңнан астам автокөлік шығару жоспарланып отыр

  • 166
  • 23.02.2026, 21:39

Биыл елімізде 200 мыңнан астам автокөлік шығару жоспарланып отыр. Оның арасында жүк техникасы мен автобустар да болады. Бұл туралы Астанада сала көшбасшыларының бас қосқан жиынында айтылды. Белгілі болғандай, елде соңғы жылдары көлікке сұраныс артқан. Әрі былтыр Алматы мен Қостанайда іске қосылған екі бірдей зауыт өндіріс көлемін арттырмақ. Ал өткен жылы отандық және шетелдік жаңа көліктерді сату 14 пайыздан асқан. Сондай-ақ өнім бағасына әсер ету үшін оған қажетті бөлшектерді елде шығару ісіне басымдық беріледі.

Анар Макашева, «Қазақстанның Автокөлік Одағы» президенті:

-Бүгінгі күні жеңіл автокөлік шығаратын отандық өндіріске қазақстандық мультимедия, орындықтар, аккумуляторлар қойылып жатыр. Бұдан бөлек тағы бірқатар автокомпонентті жасауды шоғырландыру бойынша жобаларды іске асыру қарастырылуда. Қазақстанда бұл бағытта бірнеше мемлекеттік бағдарлама қабылданды. Жалпы 10-нан астам бөлшек түрі шығарылады. 2026 жылы қосымша үш компонент пайда болады.