Мемлекеттен «Каспий теңізі Қазақ ғылыми-зерттеу институты» жұмысын қаржыландыруға 1,1 млрд теңге бөлінді. Бұл Президенттің теңізді кешенді зерделеу және сақтау, сонымен қатар өңірдің экологиялық тұрақтылығын қолдау жөніндегі бастамасы аясында іске асырылып отыр.
Мамандардың бағалауынша, соңғы 20 жылда су айдыны 30 мың шаршы шақырым акваториясынан айырылған. Тек Қазақстан жағалауы шамамен 29 метрге тартылыпты. Оған қатысты түрлі болжамдар бар. Нақты себебін ғалымдар іздестіруде. Бөлінген қаражат зерттеулерге арналған негізгі жабдықтарды сатып алуға жұмсалады. Сонымен қатар Ақтаудағы гидробиологиялық және гидрохимиялық зертханаларды жарақтандыру жоспарланған.
Мансұр Ошурбаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі:
- Институттың негізгі мақсаты – ол ғылыми зерттеу, қоршаған орта мониторинг жасау. Сонымен бірге институттың мақсаты – Каспий мемлекеттермен бірлесіп жұмысын жасап, Каспий мәселесін шешу.