Референдум: Сайлау учаскесін анықтау үшін чат-боттар іске қосылды

  • 177
  • 24.02.2026, 21:42

Республикалық референдумға орай Астана мен Алматыда арнайы call-орталықтар мен чат-бот жұмысын бастады. Оның көмегі арқылы енді тұрғындар өздерінің сайлау учаскелерінің мекенжайын нақты біле алады.

Бұл туралы әкімдіктер хабарлады. Алматыда дауыс беру күні 654 учаске сайлаушыларды күтеді. Өзіңіздің учаскеңіз туралы таңертеңгі сағат 8-ден кешкі 8-ге дейін 1308 нөмері арқылы байланыс орталығына хабарласып және жеке сәйкестендіру нөмірін енгізіп open-almaty.kz сайтынан білуге болады. Сондай-ақ @almaty_referendum2026_bot телеграм желісі арқылы да ақпарат алуға мүмкіндік бар. Ал Астанада дауыс беру орындарын referendum.astana.kz сайты, referendum_astana_bot телеграм арқылы және iKomek -109 телефонына хабарласып білуге болады.

Айта кетейік, шамамен 12 миллион азамат сайлауға қатысады деп күтілуде. Тұрғындар тіркелген жерінде болмаса, алдын ала тиісті құжаттарын рәсімдеп, өзге учаскеде дауыс бере алады.