Жаңа конституция жобасының негізгі бағыттары «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ұжымына да түсіндірілді. Әділ және прогрессивті қоғам құруға, сондай-ақ елдегі демократиялық институттарды нығайтуға бағытталған түзетулердің мәні егжей-тегжейлі жеткізілді. Іс-шараға ел өңірлерінен де өкілдер онлайн байланыс арқылы қосылды.
Бүгінгі күні ұлттық компанияда 114 мыңнан астам адам еңбек етеді. Ашық әрі еркін форматта өткен жиын барысында ұсыныстар да айтылды.
Марат Шәкенов, «ҚТЖ»ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:
- Қазіргі Кконституцияға көп көңіл бөліп жатыр. Өйткені, Президентіміздің айтқанындай, Конституция халыққа жұмыс істеуі керек. Біз 15-наурызда болатын референдумда «Қазақстан темір жолы» ұжымы толықтай қолдап, бәріміз соған қатысуға жанұямызбен қатысуға дайынбыз деп айтуға болады.