Таразда жалпыұлттық коалиция референдумның маңызын түсіндірді

  • 163
  • 24.02.2026, 21:39

Жалпыұлттық коалиция мүшелері «Жамбыл су» мекемесінің ұжымымен кездесіп, алдағы референдумның маңызын түсіндірді. Депутаттар мен қоғам өкілдері мемлекеттің ішкі тұрақтылығын нығайтудың аса маңызды екенін айтты. Коалиция мүшелері бүгінге дейін аудандарды аралап, 300-ден аса еңбек ұжымымен кездескен. Жалпы 30 мыңға жуық тұрғын қамтылды. Қоғам өкілдері жаңа Конституция жобасы елдің ұзақ мерзімді ұлттық мүддесіне сай келетінін атап өтті.

Кенжеғали Шилібек, Тараз қалалық мәслихатының депутаты:

- Жаңа Конституцияның қабылдануына әр азаматтың өзіндік бір рөлі бар екенін түсіндірдік және осы референдумға еңбек ұжымын бір кісідей атсалысуға шақырып отырмыз. Өзгерістер біздің елдің дамуына ерекше әсер етеді және азаматтардың жан-жақты қорғалуына бағытталған.